• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Ақпан, 2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

267 рет
көрсетілді

21-23 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысу үшін Венада сапармен болды. Делегация құрамында Сенат депутаттары Дархан Кәлетаев, Дулат Құсдәулетов, Төлеубек Мұқашев, Михаил Бортник және Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Сапар аясында Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі Рейнхольд Лопатка бастаған Парламент мүшелерімен кездесу болды. Екі елдің заң шығару органдарының өкілдері Қазақстан мен Аустрия ынтымақтастығының келешегін, сауда-экономикалық байланыстарды өрістету қажеттігін, визалық тәртіпті жеңілдету мүмкіндіктерін талқылады.

22 ақпанда ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитеті мен жалпы комитеттерінің отырыстары болды. Сенаторлар Д. Кәлетаев пен Т. Мұқашев Саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитеттің, Д. Құсдәулетов Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттің жұмыстарына қатысты. М. Бортник пен Қ.Қаракен Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитеттің отырыстарына қатысты.

Сенат депутаты Д. Кәлетаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті. Сенатор біздің елімізде өткен конституциялық реформа туралы жүздесушіні хабардар етті. Тараптар Қазақстан Парламенті мен ЕҚЫҰ ПА-ның бұдан былайғы ынтымақтастығының келешегі туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ ЕЫҚҰ Астана саммитінің мұраларын сақтау және дамыту, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының төрағалық етуіндегі басымдықтар туралы да айтылды.