• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2018

Успен ауданының әкімі болып Бауыржан Қасенов тағайындалды

315 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауов ауданды басқаруға келген  Б.Қасеновке өткен жылы ауданның бірқатар бөлім басшылары мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылықтары үшін жауапқа тартылғанына назар аударуды сұрады. 

Бауыржан Қасенов  осы қызметте бұған дейін жұмыс істеген Сергей Саламацкийді ауыстырды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты С. Саламацкий аудан әкімі лауазымынан босатылды. Ал, Б. Қасенов бұған дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

- Успен ауданы өңіріміз үшін маңызды стратегиялық аудан. Инвестициялық тартымдылығы да жоғары. Ауданның мүмкіндігін ауыл шаруашылығын дамыту үшін толық пайдалану қажет, - деді ауданның актив жиынында облыс әкімі.

Сондықтан, бос жатқан жерлерді айналымға енгізу де басты орында. Жеке инвестициялар есебінен жол бойындағы сервисті дамытып, қайта өңдеу нысандарын ашу және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру керек деген тапсырмалар жүктелді. 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев