• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Білім 28 Ақпан, 2018

Жаңғырудың бастауы болмақ

423 рет
көрсетілді

Өркениетті дамыған әлем елдері латын графикасымен бұ­рын­нан жазады. Бүгінде әлемнің 100-ден астам елі латын қар­пін қолданады екен. Түркі тіл­дес елдер арасында 1929 жылдан бастап Түркия, 1992 жыл­дан Әзербайжан, 1993 жылдан Өз­­бек­­стан мен Түрік­менстан осы гра­­фикаға көшті.

Осыдан алты жыл бұ­рын Ел­басы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында «Біз 2025 жылдан бастап әліп­биі­мізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек», деген болатын. Мемлекет басшысының бұл саяси шешімі өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да көрініс тапқан болатын. Нәтижесінде, өткен жылы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №569 Жарлығы шықты.

Әліпбидің апострофтар қол­данылатын сол кездегі нұсқасы халық пен сарапшылар арасында көптеген пікірталас туғызды. Мұ­ның барлығын ескерген Ел­басы аталмыш Жарлыққа өзге­рістер енгізді. Бұл еліміздегі әліп­би реформасы бағытының көрсеткіші деп ойлаймыз. Өйт­кені қоғамдық пікір арқылы тіл сая­сат­ындағы реформаны бүкіл­ха­лықтық дең­гейде жүргізу жақ­сы­лықтың ны­шаны. Сала мамандары мен бел­сенді азаматтардың қаты­суы­мен өтіп жатқан пікірталас ма­ңызды шешімнің белгісін көрсетеді.

Тарихтан белгілі Қазақстан өткен ғасырда үш рет әліпби ауыстырды. 1929 жылға дейін арабша, 1929-1940 жылдар аралығында латынша, 1940 жылдан кейін кириллицаны пайдаланды. Демек, елімізде бұрын он жылдан астам уақыт көлемінде латын графикасын қолдану бо­йынша тәжірибе болды. Ке­ңес­тер елінің идеологиялық сая­сатына байланысты еліміз кириллицаға көшуге мәжбүр болды. Сондықтан еліміз осы маңызды шара барысында сәтті қадамын жасайды деп ойлаймыз. Себебі еліміздің латын әліпбиіне көшуі қазақ рухының, ана тіліміздің жаңғыруының бастауы болмақ.

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

философия магистрі

Қызылорда