• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2018

Көрерменін ойға тартқан бояулар

447 рет
көрсетілді

Көркемсурет көрмесіне келгендер қостанайлық белгілі қыл­қалам шебері, Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі Георгий Соковтың қылқаламынан шық­қан әр шығарманың тұсына ұзақ тоқталады.

Өйткені бояу­дан ой іздейтін суретші әр шы­ғармасында көрерменін пікір­таласқа тартатын секілді. Расында, солай. Георгий Ми­хайлович түрлі жанрда, түрлі техникамен жұмыс істейді. Бұл жолғы көрмесін ол «Ұлы есімдер – 2» деп атапты. Оған суретші 2009 – 2017 жылдар аралығында аралас техникамен орындаған 34 туындысын ұсынды. Бұл жолғы ілінген туындылар суретшінің 2015 жылы «Ұлы есімдер» атты атпен жасаған көрмесінің жалғасы болып табылады. Көп оқитын, өнердің әр саласын жетік білетін және ақындықтан да құралақан емес суретші, музыка және әдебиеттегі ұлы есімдердің шығармаларынан түйгенін қылқалам арқылы қағазға түсіреді. Сол арқылы өнер мен әдебиет әлеміндегі ұлы есімдерге тағзым етеді. Суретші оқыған кітаптары жә­не өмірбаяндардан, сүйікті кар­тиналары мен музыкалық шығармалардан алған әсерінің негізінде әлемдік мәдениеттегі данышпан тұлғаларды өз қиял көрінісінде бейнелейді.

Жаңа графикалық сериясында Георгий Михайлович қазақтың кемеңгер ақыны Абайдың, орыс ақындары Марина Цветаева, Анна Ахматова мен Николай Гумилев, француз ақыны Шарль Бодлер, венгер композиторы Фе­ренц Лист, нидерландық сурет­ші Ван Гог, орыс компози­торлары Сергей Прокофьев, Игорь Стравинский және әлемдік танымал басқа да ұлы тұл­ғалардың шығармаларынан түйгенін қағаз бен бояу арқылы көрерменіне ұсынады.

– Менің бүкіл айтарым көрмеде ілінген шығар­ма­ларымда. Ал менің ойым кө­рермен пікірімен сәйкес ке­луі міндетті емес, мен тек кө­рерменімді ойға тарттым. Мы­салы, Абайдың «Қара сөз­де­ріндегі», Александр Куп­рин­нің «Паганинидің скрипкасы» әңгімесіндегі айтылған ойларды, Мая Плисецкаяның би­мен жасаған Кармэн образын қалай түсінуі әркімнің өз еркінде. Әркім олардан өзінің ішкі қа­лауын көрмек, – дейді Георгий Михайлович.

Суретшінің пікірінше, ұлы адамдар мәңгі өмір сүреді, олар­дың ойы мен жасаған ісі кейінгінің рухани азығы.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ