Биыл Жамбыл өңірінде қыс мезгілінде қаһарын көрсеткен ауа райы ақпан айының соңын ала бірден жылынып сала берді. Күн сайын ұялы телефонға облыста дауылдың алдын алу, нөсер жауын, су тасқынынан сақтандыру сияқты хабарламалар келіп жатқанымен, халық бір күнде әбігерге түсіп, үрей құшағында қаламыз деп ойлаған жоқ.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьКөктем келер тұста тау бөктеріндегі қар еріп, оның соңынан толассыз жауған жауын салдарынан Т.Рысқұлов ауданының Ақыртөбе, Тереңөзек және Мамай ауылдарына су жайылды. Бұл аймақта қауіпті делінетін су қоймалары мен тоғандар болмағанымен, тау іргесіндегі ауыл халқының көктем келсе алаңдайтындай жағдайы бар. Әрі етекте орналасқан аталған ауылдар үшін таудан түскен қар суының үрей әкелетіні анық. Әсіресе 27 ақпан күні Тереңөзек ауылындағы терең сайдың арасымен ені 6, тереңдігі 2 метр су ағып, жұртты әбігерге салды. Абырой болғанда ешқандай үйге, адамдар мен мал-жанға залал келген жоқ. Тек лай судың бетін басқа арнаға бұру үшін ауылға кіреберіс жол арнайы жыртылды. Бұдан соң Ақыртөбе ауылынан Тереңөзек ауылына кірер тұстағы көпірдің де алды қазылып, су жазық далаға ағызылды.
Тереңөзек ауылында тасқын орын алған күні Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков оқиға орнына арнайы барып, халықпен кездесті. Облыстық және аудандық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы да сол ауылда. Оқиға орнына барып, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Талғат Сабировпен тілдескенімізде, ол дәл қазіргі уақытта халыққа төніп тұрған ешқандай қауіптің жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, Ақыртөбе, Тереңөзек және Мамай ауылдарындағы 26 үйдің ауласына су кіргенмен, ешкімнің үй-жайына нұқсан келмеген. Әрі сол күні облыс бойынша 150 адам мен 19 техника жұмылдырылып, тасқынның алдын алған. Атап айтқанда, тұрғын үйлердің ауласына кірген лай суларды сорып алу жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ су келетін дамбыларға 350 қап құм төселіп, техникалардың көмегімен 1 миллион 980 мың литр лай су егістік алқабына қарай бұрылған. Ал Т.Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаев су келу қаупі бар жоғарғы арналарда ауданның 8 техникасы жұмыс істеп жатқанын, әрі аудан деңгейінде штаб құрылып, кезекшілер жұмыс істеуде екенін айтты. Сонымен қатар әкім ешқандай отбасының зардап шекпегенін, сондықтан да көмекке мұқтаж азаматтардың жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, таулы аймақтарда еріп, жұртты әбігерге салған қардың қалыңдығы 70 сантиметр болса, жердің тоңы 55 сантиметр болыпты. Бұл орайда еріген қар суының жерге сіңіп кету мүмкіндігі өте төмен. Дәл осындай оқиға ауданда 1967 жылы, одан кейін 2005 жылы орын алған. Он үш жылдан бері болмаған оқиға биыл қыстың соңын ала тағы қайталанды.
Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы