• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2018

Оңтүстіктік бағбан әйелдер мерекесінде 50 мың раушан гүлін сатылымға шығармақ

743 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Гул Мансур» ЖШС-нің 1 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі күтіп, бапталуда.

Cеріктестік меншігіндегі 2,5 гектар егістік жердің бір гектарында өсіріліп жатқан раушан гүліне сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Гүл өсірумен айналысатын шаруа қожалық 2012 жылы екі жанұяның бірігуімен құрылған екен. Жобаның инвестициялық кұны 12 млн. теңгені құрайды. Шаруа қожалығы бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Маусым кезінде мұндағы жұмысшылар саны 20-ға жетеді екен. Әрбір қызметкерге 50 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Шаруашылық басшылығы болашақта жылыжай ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

- Гүлді алғаш рет 2013 жылы 0,40 гектар жылыжайға егіп көрдік. Сосын гүлге деген сұранысты байқаған соң, жылыжай көлемін 1 гектарға дейін ұлғайттық. 2017 жылы 45 мың дана гүл дайындалып, ауыл, аудан және облыс көлемінде сатылымға шығарып, табысқа кенелдік. Биыл түсім одан да жақсы болады деген үміттеміз, – дейді қожалық иесі.

Сол жақсы түсімнен шаруа қожалығы 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығармақ.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»