Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Баку қаласында орын алған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.