Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 3 наурыз күні батыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерге қар жауып, бірқатар аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деген болжам бар.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран соғуы мүмкін.