• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2018

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

392 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 4 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

 

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман, күндіз 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басып, түнде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Қарағанды, түнде Алматы облыстарында - тұман, көктайғақ болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.