Жүз жылғы суретімен келіп жеткен, Қыздары қазағымның керім неткен! Сәукеле, кәмшат бөркі үкілеген, Сан бұрым шашбаулатып, өрімдеткен. Ай нұрлы арулардың ғажабын-ай, Ақ дидар, күлімдеген ажарын-ай, Қыздарын қай заманда болса дағы Құлпыртқан қызғалдақтай қазағым-ай!..
Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»