• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2018

Оңтүстікте көктемгі егіс көлемі 6,8 мың гектарға ұлғайды

527 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарланған егіс көлемі өткен жылдан 6,8 мың гектарға артық жоспарланып, 833,1 мың гектар болып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың мәлімдеуінше, егілген 161,5 мың гектар күздік астықтың жағдайы жақсы. Үстеп қоректендіру жұмыстары алдағы онкүндікте жүргізілмек. Тыңайтқыш жеткілікті, қазіргі таңда 21,3 мың тоннасы қоймаларда сақтаулы. Биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 38 мың тонна дизель отыны бөлінген. Қолдағы 15006 дана трактордың – 86 пайызы, 2966 дана трактор соқаларының – 100 пайызы, 1861 дана дән сепкіштің - 92 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді несиелендіру үшін 3,2 млрд. теңге қаралуда.

Сондай-ақ өңірде «Шатқал» жобасы аясында көшет отырғызу жұмыстары да атқарыла бастады. Бұл орайда, биыл елді мекендерде 4 740 гектар жерге 1 млн 990,7 мың түп көшет егу қаралған. Осыған байланысты, орман шаруашылығы мекемелерінен көктемде 419 мың дана, күзде 1 млн 572 мың көшет тегін босатылатын болады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»