• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2018

Нұрлан Нығматулин: Елбасының бастамасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған

252 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен бес ауқымды әлеуметтік бастамаларына қатысты пікір білдірді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі бастамалары - елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар»,-деп атап көрсетті спикер. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан - жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. «Сондықтан, Президентіміздің осы тарихи бастамаларын өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол Парламенттің ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті»,-деді Н.Нығматулин.