Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен бес ауқымды әлеуметтік бастамаларына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өзінің туиттер парақшасында хабарлады.
«Елбасының әлеуметтік негізгі 5 мәселені шешу жөніндегі Жолдауы Қазақстан мемлекеттігін дамыту жолындағы ерекше тарихи кезең. Жолдау халқымыздың мүддесімен үндес келеді. Н.Назарбаев: «Ұлттық бірлік - әлеуметтік бірлік», дейді Қ.Тоқаев.