Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесін бәрінен де биік екенін көрсетті.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьБіздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды назардан қағыс қалдырып көрген емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері қаржы дағдарысына ұшырап, әлеуметтік салаға бөлінген бюджеттік қаржыны азайтып, кей жағдайда еңбек ақыларын төмендетіп жатқанда біздің ел жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдем, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп отырды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің де жалақылары жыл сайын өсу үстінде болды.
Енді міне, Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария етті. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе. Өйткені Қазақстанда соңғы жылдары халық саны жақсы өсіп келеді. Жыл сайын үйленіп жатқан жастарымыздың да қатары толығуда. Ауылдардан қалаға көшіп келіп жатқан жастар легі де жетерлік. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасы тұрғын үй ипотекасына қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру үшін өте маңызды қадам жасады. Бұл баршамызды қуантты. Ендігі арада жұмыс істейтін әр адам несиеге пәтер алып, оны өздерінің отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай жағдай жасалып отыр. Мұны әлеуметтік саладағы үлкен жеңіс деп бағалаймын. Сонымен бірге, несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 пайыз емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болып белгіленді. Бұл әсіресе, жастарымызға, әлеуметтік жағдайы төмен және жалақылары аз жандарға өте тиімді болмақшы.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасының ендігі бір маңыздысы, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесі келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 10 есеге азайтылатындығы деп білеміз. Өйткені, түрлі экономикалық құрылымға байланысты Қазақстанның әр өңірінде жалақы мөлшерінің де бір деңгейде еместігі жасырын емес. Мысалы, мұнай мен газ өндіретін аймақтағылардың айлық жалақыларын аграрлық өңір болып саналатын біздің аймақтың жалақысымен салыстыруға келмейді. Аграрлық өңірлерде еңбек ақы әлі де төмен. Енді міне, жалақысы төмен адамдардың айлығынан 1 пайыз ғана салық ұсталады. Бұл төмен жалақы алатындар үшін үлкен қолдау әрі көмек, мемлекеттің қамқорлығы болып саналады.
Біз депуттатар Үкіметке сауал салу арқылы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің мәселесін айтып та, көтеріп те жүрдік. Өйткені, тоқсаныншы жылдардағы жекешелендірудің алғашқы кезеңдерінде оқу орындарының көптеген жатақханалары жеке меншікке өтіп кеткені болды. Содан барып, Қазақстандағы кез-келген оқу орындарында жатақхана жетіспеушілігі орын алды да, бұл келіп, олардың жалдамалы пәтерлерді жағалап кетулеріне әкеліп соқты. Қымбатырақ түсіп отырған, пәтер ақыны төлеуге кейбіреулерінің жағдайлары да болмай қиналып жүргені де жасырын емес. Білім алып жүрген жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін де шешетін кез келгенін айта отырып, Елбасы 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жатақхана салу жөнінде тапсырма берді. Бұл жастарға деген Елбасының қамқорлығы деп білемін.
Кешегі кеңестік жүйенің бір шеңберінде болған мемлекеттер арасында дәл Қазақстан сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға қамқорлық жасай білген ел болған емес. Бұл орайда тағы да Елбасы Қазақстандағы бизнестік ахуалды жақсартуды ұдайы өз назарында ұстап келеді. Енді міне, тағы да шағын несие беруді көбейту мәселесі айтылды, нақтылы тапсырмалар берілді. Бұл өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тың жол ашады, үлкен демеу болады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілмекші. Елбасы 2018 жылы тағы да қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл шағын несие алатындардың санын 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, олардың саны 14 мың адамға жететін болады. Енді осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалу керек.
Елбасының Қазақстанның түрлі аймақтарын газбен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыру жөніндегі бастамасының да маңызы бар. Әсіресе, Қызылорда облысының Қараөзегінен Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасының ұсынылуы өте маңызды. Өйткені, Елордасы Астана қаласы, одан кейін алты ай қыс бойы от жағатын Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін мұның өмірлік маңызы зор. Сондай-ақ, бұл біздің Көкше өңірінің Бурабай курортты аймағын дамытуға, оның экологиялық жағдайын жақсартуға және бұла табиғатын сақтап қалуға зор әсерін тигізер еді.
Елбасы біздің алдымызға зор міндеттер қойды. Ол міндеттердің барлығы да елдің мүддесі. Олай болса, сол елдік мүделерімізді өз игілігіміз үшін жаратуға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауға тиістіміз. Әрине, бұл үшін бізге еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы керек. Бақ та, ырыс та, береке де ынтымақты жерге барады деген халқымыздың ежелгі бір даналығын әрдайым есімізде ұстап, Елбасының бес бастамасын орындауға құлшына кірісейік.
Рашит Әкімов,
Парламент Сенатының депутаты