Шығыс Қазақстанда соңғы күндері ауа-райы күрт құбылып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып жатыр.
«Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 6 наурыз күні сағат 23:55-те «Өскемен-Семей» (48-198 шақырым), «Омбы-Майқапшағай» (756-906 шақырым), «Семей - Ресей Федерациясы шекарасы» (3-113 шақырым) бағыттарындағы республикалық маңыздағы жолдар жабылған.
Сонымен қатар бүгін Семейде түнде жауған жаңбырдың көктайғаққа айналуына байланысты қаладағы мектептердің бірінші ауысымдағы 1 және 11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы