• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2018

Оңтүстікте 100 мыңға жуық көпбалалы ана бар

414 рет
көрсетілді

Елімізде көп балалы аналар саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бүгінде өңірде көп балалы аналар 98 600-ден асты. Олардың 3998-і «Батыр аналар», 16361-і «Алтын алқа», 42 724-і «Күміс алқа» иегері. Ал, 6906 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтау кезінде осындай деректер келтірді. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстың аудан, қалаларынан түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер қатысқан салтанатты жиында өңір басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 33 әйелді марапаттады.

Оның 5-іне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілсе, 14-іне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы, 9-ы облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Ал, 5 ананың кеудесіне «Алтын алқа» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, әкім салтанатты шараға келген басқа да қыз-келіншектерге сый-сияпат жасады.

Сондай-ақ, нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, «Әйел – ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»