Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған Президенттің бес бастамасы миллиондаған азаматымыздың әл-ауқатын арттыруға теңдессіз әсер ететіні сөзсіз.
Елбасы әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу жолдарын ұсына отырып, олардың нақты есептеулерге негізделгенін және қаржылай қамтамасыз етілетінін айтты.
Атап айтқанда, құрылыс саласын дамытуда тұрғын үй несиесін қолжетімді ету, шағын және орта бизнесті дамытуда азаматтарға берілетін микронесиелеуге бөлінетін соманы арттыру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мен жоғары білім алуға бөлінетін гранттарды көбейту, жаңа газ құбыры салынатын өңірлерде экологияны жақсарту, тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешу сынды идеяларды ұсынды. Оларды нақты шешу үшін Президент маңызды бастамаларды ұсынып отыр. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, экономиканы жоспарлы түрде дамыту арқылы Елбасы аталған күрмеуі қиын мәселелерді шешудің негізін нық қалыптастыра білді.
Қазақстанның ұстанып отырған жолы – азаматтарымыздың әл-ауқатын жоспарлы арттырудың, тұрақты қоғам қалыптастырудың, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде күш-жігерді біріктірудің жолы.
Серік БЕКТҰРҒАНОВ,
Сенат депутаты