Құрметті қазақстандықтар!
Мемлекет басшысы ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» – бұл қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғырландырылған платформасы.
Мемлекет басшысы әлеуметтік мемлекет құндылықтары мен әлеуметтік әділеттіліктің қағидалары біздің мемлекетіміздің өзгеріссіз стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.
Елбасы барлық қазақстандықтарға жақын және түсінікті нақты іс-қимылдар бағдарламасын айқындады.
Қолжетімді тұрғын үймен, сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту, халық табысының өсуі – бұл әлеуметтік саясатты тиімді жаңғырту үшін уақтылы қабылданған шаралар.
Президенттің бес әлеуметтік жобасы әлеуметтік әл-ауқаттылық пен халық бірлігі Тәуелсіз Қазақстан дамуының басты басымдығы екенін тағы да дәлелдеді.
Бұл бастамалар ұлттық мүдделер мен қазақстандықтардың әл-ауқаты Елбасымыздың мемлекеттік бағытының негізі екендігін де дәлелдейді.
Ең қиын экономикалық жағдайлардың өзінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері ұлттық күн тәртібінде өзекті басымдықтар болып қалуда.
Біз Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары барлық азаматтардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық әл-ауқаттың прагматикалық қазақстандық үлгісінің негізін қалыптастыратынына нық сенімдіміз.
Жаңа міндеттер мемлекеттік органдар мен жалпыазаматтық қоғамдастықтың үйлесімді, тиімді жұмысын талап етеді.
Біздің коалициямыздың барлық мүшелерін, азаматтық қоғамның барлық өкілдерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз.
Халықтың қатысуы және халықтық бақылау – Елбасымыздың әлеуметтік бастамаларының тиімді іске асырылуының кепілі.
«Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «G-Global Халықаралық хатшылығы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан жазушыларының одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Астаналық аймақтық коалициясының мүшелері.
2018 жылғы 6 наурыз, Астана қаласы