8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде облыстық ішкі істер департаменті өңірдегі ішкі істер органдарында қызмет ететін әйелдерді құттықтап, құрмет көрсетті.
Департамент бастығы, полиция генерал майоры Амантай Әубәкіров полиция қызыметінде жүрген әйелдерді арнайы төсбелгілермен, Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың арасында Май ауданы ІІБ-нің қызметкері, полиция капитаны, тергеуші Динара Рахымжанова, Екібастұз ІІБ-ның аға тергеушісі Мәншүк Жүсіпова, подполковник Жанар Біләлова, майор Анар Рашитова, подполковник Вероника Коткевичус, Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Насима Дүйсенбаева, Екібасұздан капитан Зухра Бековалар бар. Сонымен бірге, әйелдер мерекесі күні «Қазақстан полициясына 25 жыл» белгісімен 15 әйел марапатталса, 27 әйелге ішкі істер саласында жақсы қызмет атқарғандары үшін Алғыс хаттар табыс етілді.
Департамент басшылығының бұйырығымен 44 әйелге Алғыс жарияланды. Мереке соңында ер-азамат әріптестері өздерімен күнделікті бірге қызмет атарып жүрген пагон таққан әйелдерге шоқ-шоқ гүлдер мен бірге көңілді ән-шашу, тілектер сыйлады.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар