• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2018

Риддер қаласының тұрғыны қар көшкінінен қаза тапты

203 рет
көрсетілді

9 наурыз күні Риддер қаласынан 6 шақырым жердегі аумақтан ер адамның мәйіті табылған.

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиға осы күні түс мезгіліне дейінгі уақытта орын алған. 1958 жылғы ер адам 8 наурыз күні таңғы сағат 10:30-да шаңғымен қала шетіне шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Марқұмды көлемі 60 текше метр қар көшкіні басып қалған. Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің мамандары оның денесін Риддерге жеткізген.

Бұл өңірде 7-11 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі болатыны туралы жергілікті телеарна арқылы хабарланған екен. Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарына көшкін қаупі жайында ескерту берілген мезгілде тауға шықпауға кеңес береді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы