• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2018

Шығыс Қазақстанда екі ет өңдеу комбинаты салынады

680 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда ет және ет өнімдерін өңдеу бойынша екі комбинат салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақта 105%-дық өсіммен 270 мың тонна ет өндірілген, бұл - республикалық үлестің 15%-ы. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан еліміз бойынша екінші орында келеді. «Ең бастысы, бәсекелестікке бастар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, артықшылықтарды тиімді қолдану, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есебінде. – Сондықтан жоғары сапалы дайын өнімдер нарығына шығу үшін «Евразия АгроХолдинг» ЖШС австралиялық компаниясымен тізе қосып, Аягөз ауданында ет өңдейтін комбинат салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек біздің тараптан нысанға 468 млн. теңгеге барлық қажетті инфрақұрылымы жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, «АгроПортал» ЖШС ирандық компанияның қатысуымен Семейде ет өңдеу комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуға дайын. Осы ретте өткен жылдың соңында ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті мен «АгроПортал» ЖШС арасында инвестициялық келісімшартқа қол қойылғандығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудың бүкіл жиынтығын жүзеге асыратын зертхана ашылады. Аймақ басшысының айтуынша, «Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау – аспан асты елінің нарығына апаратын төте жол».

«Біз үшін Қытай нарығы маңызды. Қазіргі күні облыста қазақстандық өнімдерді қытайлық стандарт бойынша сертификаттау зертханасын құру жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе бойынша биыл қаңтарда Қытай Халық Республикасынан бір топ мамандар біздің облысқа келіп қайтты. Зертхананы орналастыратын ғимарат дайындалуда. Құны миллиардтан астам теңге болатын қондырғыны жеткізу жұмысын қазан айында бастаймыз», – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, бұл зертхана елдегі бірегей орталық болмақ.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы