• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2018

Маңғыстауда «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлік республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі  өтті

592 рет
көрсетілді

Маңғыстауда жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі  өтті

 

Жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатындағы чемпионатқа 33 бағыт бойынша 200 студент, 150 сарапшы қатысты, оның ішінде кәсіпорындардан 96 сарапшы бағалады. Жыл сайын бағыттар мен қатысушы студенттер саны артуда. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда бағыттар саны 9-ға, ал қатысушы саны 48-ге артты. IT саласын бағалау үшін  Беларусь республикасынан Беловская Ольга Михайловна және  слесарлық іс бойынша  Ресей Федерациясынан сарапшы – Проватор Алексей Геннадиевич,  Халықаралық сарапшылар  «Аспаз ісі» бойынша Адильханов Серікхан Саметұлы, қызмет көрсету саласы бойынша Алматы облысынан 5 сарапшы, Қостанай облысынан 2 сарапшы  қатысты. Сонымен қатар, Батыс-Қазақстан, Атырау, Актөбе облыстарының білім басқармасының өкілдері қатысты.

 Нәтижесінде «Токарлық жұмыс сандық бағдарламалық басқармалары станоктарында», «Кірпішті қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Майлау және безендіру жұмыстары», «Тақтатаспен қаптау», «Электромонтаждық жұмыстар», «Слесарлық жұмыс», «Веб-үлгілеу»,

«Инженерлік графика», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік басқару», «Дәнекерлеу технологиясы», «Шаштараз өнері»,  «Жеңіл автомобилге техникалық қызмет көрсету, жөндеу», «Аспаз  ісі», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Кондитерлік іс», «Наубайшы ісі», «Туризм», «Қонақ үй әкімшілігі», «Аударма ісі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Жүк машинасына техникалық қызмет көрсету», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Кәсіпкерлік», «IT желісін жүйелі басқ»ру", «Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды дамыту»,  «Темір жол көлігін басқару», «Сигналдау, орталықтандыру, блоктау және автоматика жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» және «Дене шынықтыру және спорт» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы