• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 12 Наурыз, 2018

Ілкімді ілгерілеу мүмкіндігі

332 рет
көрсетілді

Елбасы Үндеуінде басты назар халық­тың әлеуметтік жағдайын жақсарту­­­ға бағытталған. Оның әрбір бағыты ертең­гі ұрпақтың жарқын да, мерейлі ел­дің азаматтары болуына жол ашады деп есептеймін.

Атап айтар болсам, «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы ол − жастарымыздың, жас отбасылардың тұрғын үйге қолжетімділі­гін арттыра түсері анық. Ал үшінші бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастар­дың жатақханадағы жағдайын жақсар­ту мәселесін Елбасы Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылға дейін түбегейлі шешуді тапсырды. Жатақхана мәселесі шешілетін болса студенттер білім мен ғылым жолында еш алаңсыз еңбектенеді деген сенімдемін.

Сонымен қатар жоғары білім алу­дың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлінетін болды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бо­йынша бакалаврлық білім беруге тиесілі. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді деді Мемлекет басшысы.

«Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болады», деген Президент Н.Назарбаев Үндеуі ел көңіліне зор сенім ұялатты деп есептеймін.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

ТарМПУ ректоры,

ҰҒА академигі, профессор