• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Наурыз, 2018

Құрманғазыны ел болып құрметтеу парыз

2617 рет
көрсетілді

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына биыл 200 жыл толады. Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылы өт­­кізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бұл да­та енгізіліп, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне іс-шаралар өткізу тап­сы­­рылған. 

Алайда ұлттық мұрамыз­дың жан­дануына теңдессіз үлес қос­қан ұлы күйші-ком­по­зиторға ар­налған іс-шараның ұлан-бай­тақ еліміздің бір ғана ба­тыс өңі­рімен шектелуі еш қи­сын­­ғ­а кел­мейді. Басқа өңірлер Құр­ман­ғазыға жат па еді?

Күй ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дү­ние­ге әкел­ген көр­кем құн­ды­­­лық­тардың шы­ңы. Ал Құр­манғазы ұлт мә­де­ниетінің асыл қазынасына өл­шеу­сіз үлес қосқан, әлемдік дең­гей­­ге шығар­ған өнер иесі. Хал­қы­­­мыз үшін күй мен Құр­манғазы есімі бір-бірі­мен ас­тасып кеткен ұғым. Құр­ман­ғазы бір облыстың не­месе бір аймақтың перзенті емес. Ол ұлтымызға, елімізге ор­тақ, адамзат мәдениетінің та­ри­хын­­да өшпес із қалдырған тұлға.

Құрманғазы Сағырбайұлы­ның 200 жылдығын атап өту күй­­шіні ұлықтау ғана емес ең алды­мен халқымыздың төл өнері – күй­ді ел іші мен шет мемлекет­терде кеңінен насихаттау мақсатын көздеуі керек. Елбасы өзінің мақа­ла­сында: «Халқымыздың тарихи, өміршең тәрбие берер­лік музыкалық мұра­ла­рын айт­қанда даңқты бабамыз Құр­манғазыға соқпай өте алмаймыз. Құрманғазы күйлерін өз елімізде ғана емес, шетелдер арасында да насихаттамай әлемдік өркениеттің көшіне ілесу қиын», – деген еді.

Сондықтан Құрманғазы Сағыр­байұлының 200 жыл­дығын мем­лекеттің мәде­ниет са­ла­сындағы әлеу­мет­тік ма­ңызы бар іс-шарасы мәр­те­бесінде өт­кізу қа­жет. Бұған рес­­пуб­ли­­каның барлық ай­мақ­та­ры, мәдениет пен ішкі сая­сат жә­не ақпарат саласындағы, бас­қа да мем­ле­кет­тік органдар жұмыл­ды­рылуы ке­рек.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елба­сы Құрманғазының күйлері ғасыр­лар қойнауынан жеткен бабалар үні екенін атап көр­сет­кен. Сондықтан күйшіні мем­лекеттің бір аймағында ғана еске алу қоғамда кеңінен тал­қы­ланып, сынға алынып жүрген жер­шілдікті қолмен жасаған­дай әсер қалдырары да сөзсіз.

Осы айтылғандарға байла­ныс­­ты біз Үкімет басшысы Ба­қыт­­жан Сағынтаевтың атына де­путаттық сауал жолдап, тө­мен­дегі шараларды өткізуді ұсын­­дық:

- Құрманғазы Сағырбайұлы­ның 200 жылдығын респуб­ли­ка­ның барлық аймақтарында атап өту­дің кешенді іс-шаралар жос­парын дайындау;

- Шетелдерде, оның ішін­де Тәу­елсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғы елдерінде кеңінен насихаттау жұ­мыс­тарын жүргізу;

- Құрманғазы атындағы Қазақ мем­лекеттік академия­лық халық аспаптары оркестрі­нің гастрольдік сапарларын ұйым­­дастыру. Оның ішінде күй­­ші жерленген Ресей Феде­ра­циясының Астрахань облысында арнайы концерттер өткізу;

- Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халық­ара­лық ұйымдар мен парла­ме­нт- аралық байланыс алаңдарын пай­далану арқылы қазақ күй өне­рі мен күйші өмірін насихаттау;

- халықаралық, респуб­ли­ка­лық деңгейдегі байқаулар өт­кізу;

- күйшінің өмірі мен шы­ғар­ма­шылығына арналған ғы­лыми-прак­тикалық конфе­рен­ция­лар жә­не басқа да танымдық іс-ша­ра­лар ұйымдастыру;

- республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы шараға қажетті қаржы көзін қарастыру;

Күй атасын ел болып құр­мет­­теу басты парызымыз екенін ұмыт­паған жөн.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

Сенат депутаты