• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Наурыз, 2018

Мал қорымдарының жағдайы шешімін күткен мәселе

723 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қолдап, ел­ді азық-түлікпен қамтамасыз ету мем­лекеттің тұрақты дамуының бас­ты белгісі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Алайда бұл мә­селеде шешілмеген түйткілдер көп.  

Соның бірі – біз көтеріп отырған мал қорымдарының нашар жағдайы. Бұл мемлекеттік міндеттің ойдағыдай шешілуіне ке­дергі келтіріп отырған проб- лема. Осы мә­се­леге мемлекеттік органдар тарапынан да тиісті бақылау жасалмай отыр. Соның сал­дарынан соңғы жылдары елдің әртүрлі өңі­рін­де малдың жаппай қырылуы жиі бай­қа­лу­да. Қазір Ақтөбе облысында бруцеллез ауруы ж­ә­не Маңғыстау облысында үй жануар­ла­рының құтыруы салдарынан карантин жа­рия­ланған.

Жергілікті атқару органдарының мәлім­ет­­тері бойынша республикада шамамен 3 мың­нан астам өлген малдың қорымы бар. Оның 2 мыңнан астамы – примитивті био­термиялық шұңқырлар. Өткен жылы жер­гі­лік­ті бюджеттен 787 млн теңге бөлініп, оған 227 мал қорымын салу жоспарланған. Әйтсе де, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, мал қорымының 70 пайызынан астамы талаптарға сәйкес келмейді. Көпшілік мал қорымдарында қоршаулар мен белгілер жоқ. Сондықтан мал қорымдарын ұстау жөніндегі талаптардың орындалмауы адамдар мен жануарларға қауіпті инфекциялардың таралуына жол ашуы ықтимал.

Бұл жерде, ең қауіптісі – Сібір күйдіргісі бо­лып отыр. Оның қоздырушысы сыртқы ор­та­ның әсеріне аса төзімді. Ол қауіп­ті­ліктің екін­ші сыныбына жатады және топырақта жүз жыл­дан астам уақыт сақ­талуы мүмкін.

Сондықтан Сібір күйдіргісін көмуге уәкі­летті мемлекеттік органдар тарапынан жіті назар аударылуға тиіс. Ветеринарлық қада­ғалауға және мал қорымдарын қорғау­ды күшейтуге де баса мән беру қажет.

«Нұр Отан» партиясы фракциясы осы мәселені бірнеше рет көтергенімен, Үкімет тарапынан ол әлі де шешілмей, нақты шаралар қабылданбай отыр.

Осы айтылғандарды көрсетіп біз Премьер-Министрдің орынбасары –  Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің атына тө­мендегі ұсыныстармен депутаттық сауал жолдадық:

1) өлген малдардың қорымдарын заң талап­тарына сәйкес реттеу;

2) апатты және иесіз қалған мал қорым­­дарын анықтау және оларды ти­ісін­ше қорғауды қамтамасыз ету; мал қорым­да­рының орындары белгіленген арнайы карталар әзірлеу;

3) жануарлардың шикізаты мен өнім­дерінің сапасына ветеринарлық-сани­та­р- лық бақылауды қатаңдату;

4) жекелеген өңірлерде мал қорым­дарын өлек­сені өртейтін мобильді пеш-инси­не­раторлармен ауыстыру;

5) белгісіз және есепке алынбаған мал қорымдарын анықтау мақсатында қашық­тық­тан зондтауды қолдану жөнінде шаралар қа­былдау;

Осы мәселелердің шешім табуы мал ғана емес, адам ауруларының алдын алуға да тіке­лей қатысты. Сондықтан оған барынша мұ­қият қараған жөн.

Асылбек СМАҒҰЛОВ,

Мәжіліс депутаты