• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Наурыз, 2018

Семейде әскерилер шаңғы мен қар үстіндегі футболдан жарысты

384 рет
көрсетілді

Семейде қарулы күштер мен құқық қорғау қызметкерлері шаңғы мен қар үстіндегі футболдан жарысты.

Олимпиадалық резервтегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің   № 2  шаңғы базасында Құқық қорғау органдары мен Қарулы күштер қызметкерлерінің арасында шаңғы мен қар үстіндегі футболдан спартакиада өткізілді.

«Динамо» Денешынықтыру спорт қоғамының Семей қаласындағы филиалы бастығы орынбасары Самат Қоныспековтың айтуынша,  осындай іс-шаралар құқық қорғау қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына тиімді әсер етеді.  Шаңғы жарысына 10 команда қатысты, әйелдер 1 км, ерлер 3 км арақашықтыққа шаңғымен жүгірді.

Әйелдер арасында 1 шақырым арақашықтықтағы шаңғы жарысынан ҚР Мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан Әйгерім Мұхтарбекова және Данара Ибрагимовалар бірінші орынды, ал екінші орынды Затон полиция бөлімінің қатысушылары Алина Беккожина және Ақерке Сакеновалар иеленді. Ерлер арасында жүлделі орындар келесі ойыншыларға бұйырды, атап айтқанда 1-інші орын 5511 әскери бөлімінің ойыншылары Саят Ерғалиев және Арман Әлімғазинге бұйырды. Екінші орын Семей қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасының қатысушылары Жақсылық Сағиев және Арман Бадраевқа берілді.

– Қар үстіндегі футбол додасына 8 команда қатысты. Ойын олимпиадалық жүйемен өткізілді, - дейді Самат Қоныспеков, - финалға Жедел қимыл арнайы жасағы жетіп, Семей қалалық ТЖБ командасы екінші орынға шықты. Жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдармен, кубоктармен марапатталды.

Раушан Нұғманбекова                                       

Суреттер автордікі

Семей