• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2018

Бірғаным Әйтімова: Халықтың әл-ауқаты жақсарады

539 рет
көрсетілді

Президент бес бастамасында халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсарту жолдарын көрсе­тіп берді. Оның ішінде маңыз­ды­ларының бірі – оқитын жастарға бөлінетін мемлекеттік грант 20 мыңға дейін көбейтіледі.

ІТ технологиясына қатысты мамандарды, инженер кадрларын көбірек дайындау қолға алынатын болды. Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыру мақсатында алға қойылған міндеттерді іске асырып, нәтижеге қол жеткізу үшін бұл аса қажет еді.

Қазіргі кезде жоғары оқу орын­дарында жатақханалар же­­ті­с­­­пейтіні белгілі. Студент жас­­­тар­­дың бір бөлігі пәтер жал­­­­­­дап тұрады. Баспананың жай­сыз­­­дығы оқу сапасының тө­ме­н­­­деуіне әкеліп соғады. Сон­­дықтан Елба­сының бір-екі жыл­­­дың көле­мінде жатақханаға мұқтаж болып жүрген студент жастарға жатақхана салып беру және оны мемлекет-ж­еке­меншік әріптестігі қағидалары бойынша қолға алу тура­лы айтқан ұс­ы­нысы уақытқа өте сай болды. Да­мыған ком­­п­а­ния­лар мен бизнесте жүрген жандар бірлесе қаржы сал­ып, жатақхана құрылыстарын қолға алатын болса, біт­пейтін іс жоқ. Тағы бір айта кететін мәселе – жекеменшік тұр­­­ғын үй салу мәселесі. Бұл халыққа тиімді. Басқаны айт­­па­­ған­да, құрылыс қарқыны өссе, біраз адам жұмыспен қамтылады.

Шағын және орта бизнес дамиды, үй құрылысы кең өріс алады және жұмыс орындары көбейеді. Мәселен бір мың адам­ға микрокредит беретін болса, бір адам кемінде бес адам­ға жұ­­мыс береді, істі ілгері­летіп, кәсіп­ті қолға алады. Осы тұрғыдан ал­ған­да халықтың әл-ауқатын жақ­­сар­туға жол ашылады деп ойлаймын.

Бірғаным ӘЙТІМОВА, Сенат депутаты