• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2018

Шахисмаил Асиев: Баспаналы болуға деген зор мүмкіндік

294 рет
көрсетілді

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – елімізді әлеуметтік жаңғырту жолындағы ауқымды да батыл қадам. 

Кез келген мемлекет өз азамат­тарының әл-ауқаты артқа­нын, әрбір отбасының баспанамен қамтамасыз етілуін меже етеді. Нақ осы мәселе Елбасының «Әр­бір отбасына баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп аталған бірінші бастамасында көрсетілген, бұл біздің азамат­тарымыздың баспаналы болуға деген мүмкіндігін кеңейтеді.

Баспанаға қол жеткізу әрбір адамның, әрбір отбасының арманы десек, қателесе қоймаспыз. Сондай-ақ ол бүгінгі күннің ең бас­ты мәселесіне айналған. Өйт­кені өз үйің, өз пәтерің – тұрақ­тылық пен тыныштықтың кепілі, отбасы құрудың, отбасы мүше­лерін көбейтудің іргетасы.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика коми­тетінің мәліметі бойынша, елімізде тұрғын үймен қамта­масыз ету соңғы бес жылда үздіксіз өсіп отырған. Сонымен бірге тұрғын үй қорын дамыту да арта түскен. Мысалы өткен жыл­дың өзінде ғана жалпы көлемі 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Елбасы мұны рекордтық көрсеткіш деп атады. Дегенмен бұл бүгінгідей ішкі және еңбек миграциясы артып отырған кезде аздық ете­ді. Оның үстіне еліміздің демо­графия­лық саясатына аса мән беріліп отырған кезеңдерде халық санын қолайлы тұрғын үйсіз, қазіргі заманға сай пәтерлерсіз көбейту тағы мүмкін емес. 

Президент өзінің жыл сайынғы Жолдауларында және осы жолғы халыққа арнаған Үндеуінде де баспанаға қолжетімділікті арт­тыруға жағдай жасау қажет­тігін атап өтті. Мемлекет басшысы осы­ған байланысты тұрғын үй ипотекасы қалың көпшілікке жаппай қол­жетімді болуының механизмін жасауды тапсырды. Осы тапсырма еліміздің тұрғындарына, әсіресе, жастарға үлкен үміт сыйлап отыр.  

Шахисмаил АСИЕВ, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары