• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2018

Еуразиялық топ «Туған жер» бағдарламасын түлетеді

209 рет
көрсетілді

Еуразиялық топтың кәсіпорындары орналасқан әрбір елді мекен қызметкерлерінің туған жері, яғни компанияның өзі үшін де етене жақын. Осы қағида бойынша ERG жұмыс істейтін өңірлерде «Туған жер –  Родные города» бағдарламасын іске асыруда. Ауқымды істің тиімді тетігі – өңірлердің әкімдіктерімен әріптестік туралы меморандум жасасу. Бағдарлама аясындағы жобалар 2018 жылы айтарлықтай ұлғая түсті. 

Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыс­та­ры – Қазақстандағы ең ірі хол­ди­нг­тердің бірі Еуразиялық топ қыз­мет ететін өңірлер. Жыл сайын осы облыстарды дамыту үшін ERG миллиардтаған теңге бөле­ді. Соңғы бес жылда ERG Қазақ­стан­да қайырымдылық пен де­меу­ші­лікке 71 миллиард теңге жұм­са­ды. Де­генмен, «Туған жер» бағ­дар­ламасы тек демеушілік көмек­пен ғана шектеліп қоймайды, оның ауқымы әлдеқайда кең.

Бағдарлама аясында компания қызмет ететін аймақтарда әлеу­мет­тік маңызы бар жобалардың дамуына қолдау көрсетеді әрі ынталандырады. Биыл Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарының басшы­ларымен меморандумдарға қол қойылды және олардың әрқайсысы қолдаудың маңызды бағыттарын айқындады.

Маңызы ерекше жол

Ақтөбе облысында 2018 жылы ERG тарапынан әлеу­мет­тік маңызды жобаларды қар­жы­лан­дыру көлемі өткен жылмен салыс­тыр­­ғанда 2 есе дерлік артып, 2 млрд теңгені құрайды. Аймақтық, тіп­ті республикалық маңызы бар ауқымды жобалардың бірі – Жіңіш­ке стансасының маңындағы жол то­рабының құрылысы.

– Төртінші балқыту цехының, жаңа зауыттың құрылысына және өн­діріс көлемінің ұлғаюына байланысты зауытта темір жолдарды кеңейту жобасы болды. Сәйкесінше ескі зауытта 5 шақырым темір жол салынған еді. Жіңішке стансасынан қабылдау-жөнелту жолы біреу ғана болғандықтан, жұмысты жылдамдату үшін екінші жол салу туралы шешім қабылданды», – деді темір жол цехының бастығы Нұрболат Ахметов, – Сондай-ақ жұмысты жеделдету үшін, кейінірек облыс бас­шылығы темір жол арқылы жол өткелдерін салу туралы шешім қа­был­дады, ол бізді Жіңішке стансасымен байла­ныстырады. Бұл жол өткелдері Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Жіңішке стансасы арасындағы технологиялық үдерісті жеделдетуді қамтамасыз етеді.

Көптеген пікірталастар мен жос­­пар­лардан кейін, ERG қаржы­лай қолдау­ының арқасында 2017 жыл­дың көктемінде жол өткел­де­рінің құрылысы басталды. Жобаны ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

– Жол өткелі басып өтетін тас жол – халықаралық маңызы бар ба­ғыт. Ал осы жол өткелінің салы­нуы көліктердің жолдан өтуін же­­ңіл­детеді. Бұл өткелде енді­гәрі кеп­­те­ліс болмайды, себе­бі кө­ліктер ағы­ны үлкен және Жі­ңіш­ке стансасын­да вагондарды шы­ғар­ған кезде өт­­кел жабылады – де­ген Нұрболат Ахметов Ақтөбе қала­сының тұр­ғы­ны ретінде қуа­нышын жасырмады.

Бұдан бөлек, биыл ERG қар­жысына Хромтаудағы орталық стадионға күрделі жөндеу жүр­гі­зіледі. Еуразиялық топтың ресу­рс­тарына салынған стадион және сау­ықтыру-дене шынықтыру кешені бүкіл қаланың саламатты өмір салтын қалып­тас­тыру орталығына айналды. Хромтау жастары енді кафелерде уақыт өткізудің орнына, тренажер залына баруды жөн санайды.

– Стадион қаланың жүрегі тә­різ­ді, кешқұрым көптеген қара­пай­ым адамдар, спортшылар жина­ла­ды. Менің ойымша бұл істе Еура­зиялық Топ көп еңбек сіңірді. Ашыл­ғанына биыл 17 жыл толатын сауықтыру кешеніне шынында да жастар өте көп келеді. Адамдар мұнда спортзалға барып, бассей­н­ге түседі. Сауықтыру-дене шы­нық­ты­ру кешеніне Хромтау қаласының барлық тұрғындары келе алады, ба­ла­ларға ақысыз, Дөң ТКБК қыз­мет­керлері үшін барлығы те­гін, – деп СДШ әдіскері Елена Мит­ро­фа­нова өз жерлестерінің қуа­ны­шымен бөлісті.

Сондай-ақ Дөң ТКБК, Ақтөбе және Хромтаудағы мәдениет үй­ле­рін, спорттық және сауықтыру ке­шендерін, мәдениет нысанда­ры мен ай­мақтағы басқа да маңызды жобаларды мамандармен қамтамасыз етуші Хромтау кен техникалық колле­джіне қолдау көрсету дәстүрін Еу­ра­зиялық Топ жал­ғас­тыруда. Ақ­төбеде жаяу жүргін­шілер жол­дары мен көлік жолдарына асфальт тө­сеу, аулаларды абаттандыру, спорт­тық және ойын алаңдарын ор­нату және Хромтаудағы орталық саябақты қай­та салу үшін биыл қаражат бө­лінеді.

– Біздің қызметкерлеріміздің бас­­тамасы бойынша Ақтөбе облы­сы­ның тұрғындарына жай­лы жағ­дай жасауға және өмір­ле­рін жақ­сар­туға бағытталған көп­теген жо­балар м­еморандумға енгі­з­ілге­ні­не өте қуаныш­ты­мыз. Өйт­ке­ні олар осында тұрады және Ақ­тө­бе мен Хромтауға өз туған же­рі ретінде қарай­ды, – деп атап өт­ті ERG директорлар кеңесінің төр­аға­сы Александр Машкевич.

Кешегіге құрмет, келешекке қамқорлық

Павлодар түсті металлургия колле­джінің студенттері оқу жы­лын қуанышты оқиға­мен бастады. Сту­денттер Еуразиялық Топтың қа­ты­суымен салынған жаңа жатақ­ханаға қоныстанды.

Балқытылған тұздар электро­ли­зінің болашақ маманы, 3-курс сту­денті Естан Нұржанов Пав­ло­дар­ға Шарбақты ауданынан ке­ліп­ті.

– Екі жылдан бері пәтер жалдап тұруыма тура келген еді, сол себепті жатақхана салынғанына өте қуаныштымын. Тұрмысқа өте қолайлы, жайлы, ыңғайлы. Қазіргі уақытта дуальды оқыту аясында Қазақстан электролиз зауытында техн­ологиялық тәжі­ри­беден өтіп жүр­мін, онда маған 50 мың теңге жалақы төлейді. Диплом алғаннан кей­ін зауытта жұмысқа қалуды мақ­сат етіп отырмын, – деп өмірлік жос­парымен бөліс­ті Естан.

Әкімдікпен арадағы мемо­ран­дум аясында 2018 жыл­ғы қар­жы­лан­дыру үй шаруа­шы­­­лық­тарын жақ­сартуға және инфра­құ­ры­лымды да­мытуға жұмсалады, мысалы, бі­лім беру мен спорт ұйымдарын, ме­ди­ци­на­лық мекемелерді, мәдени ны­сандар­ды күр­­делі жөндеу және жаб­дықтауға бағытт­а­лады.

– «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жолдауында Елбасы мемлекет пен  жекеменшік се­ріктестігі негізінде тұрғын үй-ком­муналдық инфрақұрылымды жаң­­ғырту мәселелерін белсенді түр­де шешу қажеттігін атап өтті. Еуразиялық Топ ERG кәсіп­орын­да­ры орналасқан аймақтардың әкімдіктерімен бірге осы бағытта тығыз жұмыс істеп келеді, – деп атап көрсетті ERG директорлар ке­ңе­сінің төрағасы ERG  Александр Машкевич.

Ұзақ мерзімді серіктестік арқасында жергілікті әкімдіктер мен Еуразиялық Топ бірлесе отырып ресурстарды тиімді және тұр­ғын­дарға барынша ұтымды пайдалануды үйренді. Әрине, бірінші кезекте жастар – облыстың болашағы жә­не қарттар мен мүгедектер – ха­лық­тың әлеуметтік әлсіз топтарына қамқорлық көрсету тұр.

Павлодар қаласының қоғамдық кеңесі­нің хатшысы Тельман Айтқазин көп уақытын Еуразиялық топ сатып алып, Павлодар облысына сыйға тартқан қарттар мен зағип жандарды оңалтуға арналған «Ардагерлер үйінде» өткізеді.

– Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа аға ұрпаққа қам­қор­лық пен көңіл бөлгені үшін шы­найы алғысымызды білдіреміз. ERG жаңа ғимаратты сатып ал­ған­нан кейін облыс әкімі осы ғи­маратты жөндеуге қосымша қара­жат тапты. Бізде қосымша су про­це­­дуралары, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы армандаған мәжіліс залы да пайда болды, барлығы 2018 жылдың наурызында жұмыс істей бастады. Бұл мүгедектерге және жыл сайынғы сауықтырудан өтетін зейнеткерлерге зор қолдау, – дейді Тельман Айтқазыұлы.

Еуразиялық топ Павлодар облы­сының дамуына 2018 жылы рекордтық 3,7 млрд теңге бөле­ді. Бұл қаражат Павлодар трам­вай басқармасына қолдау көр­се­туге, Ақсу қаласындағы орта­лық жағалауды қайта құруды жал­ғас­ты­руға және Павлодардағы мұзайды­нына жұмсалады. Дәстүрлі түр­де аймақтағы футбол және во­лей­болды дамытуға, сондай-ақ ERG қызметкерлері үшін жол құ­ры­лысы, инфрақұрылым, ауруха­на­­ларды жөндеу, мектептерді қар­жы­ландыру, балабақшалар мен ойын алаң­дарын орнату, басқа да спорттық нысандар сияқты маңызды жобаларға қаржылық қолдау көрсетіледі.

Адамдар мен технологияларды өркендету

Бақытты жұмысшы – тиімді жұмысшы. Еуразиялық топтың бас­шылығы осы қағиданы ұс­тана отырып қызметкерлерінің қа­жет­тіліктерін қамтамасыз етеді. Хол­динг спорт, демалыс және мә­дени даму үшін жағдай жасау жақ­сы екенін біледі, бірақ бәрінің бас­ты және негізгі қажеттілігі – бас­панасының болуы.  Қостанай облысының Рудный қаласында 2017 жылы «ССКӨБ» АҚ-тың ондаған қызметкерлері қоныс тойын тойлады.

Солардың бірі – «ССКӨБ» АҚ Жол шаруашылығы және құ­ры­лыстар басқар­масының ДОБ кеңейтілген учас­кесінің байланыс шебері Нұрлан Дүй­сем­баев. Оның басты арманы 2017 жыл­дың қыр­күйегінде орындалды – отбасымен жаңа 3 бөлмелі пәтерге көшіп, өздерінің 75 шаршы метр­леріне ие болды. 

– Жұбайым екеуміз сыйлыққа ризамыз, біз ата-анамызбен бірге тұратын едік. Жаңа үйге көшкеннен кейін өзіміздің жайлы «ұямызды» өз бетімізше жабдықтай бастадық. Алғаш рет жаңа 2018 жылды өз пәте­рімізде қарсы алдық. Бұл қай­ы­рымды бастаманы, яғни үй құры­лы­сын Еуразиялық топ жүзеге асы­р­ды. Пәтерлер үлкен, кең және ыңғайлы, әрі үйдің сыртқы көрінісі мен абаттандырылуы да тамаша. Ауладағы балаларға арналған алаңқай мен спорт алаңдары балалар мен аналары үшін сүйікті демалыс орнына айналды, – деп қуанышымен бөлісті Нұрлан.

ERG Қостанай облысының дамуына әрдайым ерекше көңіл бө­леді, мұнда ERG кәсіпорындары – «ССКӨБ» АҚ және «Қазақстан алю­минийі» АҚ өндіріс орында­ры орналасқан. Облыстың ма­ңыз­ды әлеуметтік жобаларына 2018 жылдың меморандумына сәй­кес ай­мақтың әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық дамуына және оның ин­фра­құрылымына 2,6 млрд теңгеден ас­там қаржы жұмсалады.

Биыл ERG II Инноваторлар фо­ру­мының аясында қызметкерлер кө­терген қаладағы түйткілді мәсе­ле­лерді шешу жобалары іске асырылатын болады. Осы 2018 жылғы меморандумда Рудныйдағы қалдық су­ды тазарту қондырғысынан шы­ға­тын жағымсыз иісті цеолит арқ­ылы бейтараптандыру, «Инно­ва­ция­лық аула» және «Зеңгір жа­ға­лау» қалалық жағажайды абат­тан­ды­ру  жобалары кірді.

– Еуразиялық топтың кәсіп­орын­­дары біздің қала­ла­рымыздың тұр­ғындарына бұрыннан комму­нал­­дық қызмет көрсетеді, – деп атап өтті ERG S.a.r.l. бас атқарушы ди­рек­тордың бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев. – Бұл комму­нал­дық төлемдердің бір бөлігі ға­на екенін түсінеміз, бірақ бізге қа­тысты коммуналдық шоттар тұты­ну­шыларға ауыртпалық жүктемеуі үшін барымызды саламыз.

Оның айтуынша ERG кәсіп­орын­дарының коммуналдық қыз­ме­т­тер көрсетуінің тарихи тұр­ғы­дан алғанда қаржылай шы­ғы­ны көп. Тек соңғы 4 жылда 6 миллиардтан астам теңгені құраған шығындарды тарифтердің бірнеше мәрте өсуіне жол бермеу үшін кәсіпорындар «өздеріне алып» отыр. Бұдан бөлек, Еуразиялық топ екінші жыл қатарынан Руд­ный қаласы мен Қашар ауылын орта­лықтандырылған жылумен қам­тамасыз етті. ССКӨБ 2018 жыл ішін­де өз қаражатынан 800 млн тең­гені Рудный және Қашар елді ме­кен­дерінің тұтынушыларына жы­лу энергиясын өндіру, беру жә­не жеткізу қызметтерін үздіксіз жә­не жоғары сапалы қамтамасыз етуге жұмсады, әрі ол соманы тарифтер арқылы қайтарып алмайды.

Айтпақшы, бүгінгі күні Қашар – ERG кәсіпорындарының өзіндік «Инно­вациялық орталығы». «ССКӨБ» АҚ Қашар кенішін ба­с­қару базасында «ақылды карьер» жұ­мыс істейді.

– «Ақылды карьерді» іске қосу – бұл технологиялық процесті азайту және оңтайландыру есебінен шы­ғындарды азайту және кен тех­ник­асының өнімділігін 10 пайызға арттыру құралы. Бұл тек онлайн  ре­жіміндегі суреттер ғана емес, қыз­меткерлердің жұмысын реттеу бойынша негізді, әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін цифрлы көрсеткіштер, – дейді «ССКӨБ» АҚ Қашар КБ кәсіпорны өндіріс директорының орынбасары қызметін атқарушы Александр Мальцев.

Ақылды жүйе автотүсіргілер, экскава­тор­лар және басқа да жылжымалы нысан­дар­дың жұмысына қашықтан диагностика жасайды, содан кейін бөлімнің техникалық қыз­меттерін карьердегі барлық жаб­дықтардың жұмыс істеуі туралы мәліметтерді уақытын­да талдай ала­ды және қажет болған жағдайда ауыс­­тырады. Қашар алаңынан кей­ін жүйе Соколов-Сарыбай және Қор­жынкөл карьер­ле­рін қамтиды.

Қостанай облысы әкімдігімен арадағы меморандумдар шең­бе­рін­де тұтастай алғанда, Еуразиялық топ осы жылдары шамамен 6 млрд теңге инвестиция салды. Бұл Қос­танай мен Рудныйдағы үйлерді жөн­деу, Лисаковтегі көшелерді абат­тандыру, Қостанай облысының Октябрь ауылында балалар ойын алаңын орнату, ауруханаларға арнал­ған жабдықтар сатып алу, облыстың мек­тептері мен мәдениет үйлерін жөндеу сияқты әлеуметтік жобалар.

Көптеген жылдар бойы Еура­зиялық топ үшін өз қыз­мет­кер­лерінің туған жерлеріне қол­дау көрсету ең маңызды басым ба­ғыт болып келеді. Компания  бас­шы­лығы тұрғындардың өмір сүру жағ­дайына ерекше көңіл бөлу – қызмет ету аймақтарындағы тұрақ­тылық пен қыз­­мет­керлер көңі­лінің жайлылығы ар­қылы қайтып келетін ең тиімді инвес­ти­циялардың бірі деп сенеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»