Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты республикалық акциясы өтіп жатыр.
Акцияға өңірдің 134 орта білім беру ұйымдары, 24 колледж және 2 жоғары оқу орны қатысты.
Іс-шарада 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзекті мәселелер түсіндірілді.
Республикалық бірыңғай сабақ шеңбері «НАРХОЗ» университетінің бастамасымен еліміздің барлық жоғары оку орындары басшылығының қолдауын тапты.