• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Наурыз, 2018

Н. Нығматулин мен Оңтүстік Корея Парламентінің төрағасы ынтымақтастық келісіміне қол қойды

231 рет
көрсетілді

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чунг Се Гюн кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, халықаралық, мәдени-гуманитарлық, сонымен бірге, парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Корея Республикасының Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі екенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің дамыған ел қатарына кіру жолындағы Стратегиялық маңызды бастамаларын сөз еткен, Н. Нығматулин оларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жайына айрықша назар аударды.

Мәжіліс Спткерінің пікірінше, Корея |Республикасы цифрлық технология, инновациялық даму саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Осы ретте аталған ел Парламентінің экономиканы цифрландыру, көлік және логистика, денсаулық пен білім салаларында инновациялық технологияны енгізуді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету тәжірибелері зор қызығушылық тудырады.

Осы ретте мәртебелі мейман Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын жақсы білетінін және Қазақстан Президентінің теңдессіз көшбасшылығын, еліміздің жоғары даму қарқынын, бай ресурстарын сөз ете келіп, Қазақстанның ол мақсатқа жететініне ерекше сенім білдірді. Және осы үлкен жолда Корея Қазақстаннның ең жақын әріптестерінің бірі болып қалатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасының халықаралық деңгейдегі салиқалы саясатына айрықша көңіл бөліп, Қазақстан Президенті ядролық қарусыздану бағытындағы батыл әрі нақты қадамдарының арқасында үлгі болып келе жатқанына зор ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Парламент өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Алғаш рет жасалып отырған бұл Келісім, біздің елдеріміздің Стратегиялық ықпалдастығын заңдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік берумен қатар, парламенттер арасындағы заңнамалық тәжірибені одан әрі ынталандыруға, халықаралық мәселелер төңірегінде ортақ ұстанымды күшейтуге зор ықпал ететін болады.

Осы орайда Нұрлан Нығматулин және Чунг Се Гюн бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы жиі іс-қимыл алмасып, парламенттер әріптестігін жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығына тоқталды.

Жүздесу барысында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Сеул жиналысы да назардан тыс қалмады.

Тараптар, бүгінде бұл форумның күн тәртібіндегі маңызды сұрақтарды талқылаудың қосымша үнқатысу алаңына айналғанын айтып, 2019 жылы аталған басқосудың төртінші жиналысын ұйымдастыру қажеттілігіне көңіл бөлді.