Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз – Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі орнын нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі.
Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін.
Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», – делінген жеделхатта.