Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданындағы музейдің ғимараты өңірдегі ең көне нысандардың бірінен саналады. Әуелі пошта бекеті, одан кейін орыс-түземдік мектеп, әрі қарай Луговой орыс мектебі болған ғимараттың салынғанына 117 жыл болыпты. Ал 2015 жылы 1 мамырдан бастап Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесі осы ғимаратқа көшірілді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьӘміре Сұлтанбековтің бастамасымен 1983 жылы қоғамдық негізде аудандық музей құрылып, ол жерге үш мыңнан астам жәдігер жиналады. Т.Рысқұлов аудандық музейінің меңгерушісі Есназар Құрымбаевтың айтуынша, бүгінде мәдени мекемеде халқымыздың терең тарихынан сыр шертетін, есте жоқ ескі замандардың куәгері іспетті тоғыз мыңнан астам жәдігер бар.
Әрине, ол жәдігерлердің кім-кімді де қызықтырмай қоймасы анық. Дей тұрғанмен, мұнда келушілерді патша заманындағы ақшалар қызықтырады екен. Мәселен 1909, 1917, 1918 жылы шыққан көне пұлдар әлі күнге дейін осы жерде сақтаулы. Заманында байлардың, көпестердің қалтасында қобырап жүрген ақшалар бүгінде тарихқа айналып, жәдігер есебінде музей төрінде тұр. Бұл күнде әбден тозығы жеткен ақшалар тарих қойнауына сіңіп, мекеменің қымбат қазыналарының бірі ретінде сақталған.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы