Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады.
Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Академияның қызметіне кеңірек тоқталып, Әзербайжанға қатысты жүргізген жұмыстары, шығарған еңбегі туралы баяндап берді. Сондай-ақ Д. Қыдырәлі Әзербайжанның Мемлекет басшысына Академия кітаптарын тарту етті.
Өз кезегінде Әзербайжан Президенті де Академия жұмысын жоғары бағалайтынын айтып, ризашылық білдірді. Кездесу соңында Ильхам Әлиев Академия басшысына Әзербайжанның «Достық» орденін табыстады.