• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2018

Орталық сайлау комиссиясы Астанада дөңгелек үстел өткізді

804 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесімен бірге «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелді өткізудің бас­ты мақсаты – сайлау және рефе­рендум кезінде Қазақ­стандағы мүгедек санатындағы азамат­тардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ сай­лау құқықтарын жүзеге асы­рудың жаңа мүмкіндіктері мен тәжірибелерін қарастыру.  Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төр­ағасы Б.Имашев еліміздің Конс­титуциясы бойынша әрбір аза­матқа сайлау және сайлану құ­қығына кепілдік берілетінін атап өтті. Сайлау органдары мүмкін­діктері шектеулі аза­маттардың сайлау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.