Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасындағы жазбасында барша халықты Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әз-Наурызбен бірге шаңырақтарыңызға бақыт пен шаттық, бірлік пен татулық, ынтымақ пен құт-береке кірсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп жазды.