• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2018

Айжан Мұқышбаева: Сын-тегеуріндерге жауап беру мүмкіндігі

272 рет
көрсетілді

Президент Жолдауында қаржы секторын қайта жаңғырту мәселесі айтылғаны белгілі. Сонымен бірге меншік иелері өз қаржылық жобаларына лобби жасауына байланысты банк иелерінің жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген.

Осы орайда реттеуші тарапынан жүргізілетін бақылау екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) пруденциалдық нормативтерін сақтап, проблемалық несиені азайтуға септігін тигізу керек.

Сондай-ақ халықаралық қаржы орта­лы­ғының жұмысын іске қосу аясында бірнеше квазимемлекеттік компанияның акция­ларын IPO-ға шығару қор нарығын дамытып, кең ауқымдағы инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасайды.

Президент мемлекеттік органдарға қарас­ты ұйымдардың санын азайту арқылы жеке­ше­лендіруді тездету керектігін атап өтті. Мы­салы, Ұлыбританияда жүздеген жаңа ком­пания үкіметтік сектордан шығарылып, жылдық құны 1,5 млрд долларға жететін мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде.

Мемлекет басшысының Жолдауында экономика саласын цифрландыру мәселесі көтерілген. Бұл қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен жеке сектор үлкен ақпараттық ағынға тап болатынына байланысты, бұл өз кезегінде көптеген түйткілді мәселелерді тудырып қана қоймай, керісінше, оларға үлкен мүмкіндік жасайды.

Сауатты құрылым мен басқару болса, «үлкен деректер» бағалы ақпаратқа жол ашады, бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, өндірушілікті арттырады.

Цифрлы реформаның тағы бір қозғау­шысы – халықты урбанизациялау. Қала хал­қының саны күн санап артуына байланыс­ты қала инфрақұрылымына үлкен салмақ тү­суде, бұл қала шығынын оптимизациялау керектігін білдіреді.

Қазақстан қалаларында «Смарт Сити» кон­цепциясын кешенді түрде енгізу қала шығынын азайтуға көмектеседі. Цифр­лан­дыру Қазақстан секілді елдердің қала­ларына үлкен пайда табуға көмектесіп, бизнес үрдістерді қашықтықтан басқаруға септеседі.

Осылайша, Елбасы Жолдауындағы әлем­дегі соңғы трендтердің көрініс табуы күн­делікті құбылған әлемнің сын-тегеуріндеріне жауап беруге мүмкіндік береді.

Айжан МҰҚЫШБАЕВА, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы