• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2018

Көкшетауда «Наурыз аруы-2018» атты қалалық байқау өтті

453 рет
көрсетілді

Қазақ аруларының бойында ұлттық тәрбиені қалып­тастыру мақсатында Көкшетаудағы «Достар» мәде­ниет сарайында қыздар арасында «Наурыз аруы-2018» атты қалалық байқау болып өтті. Аталған шара­ны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйым­дастырды. 

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, шараны өткізу ар­қылы мем­лекеттiк тiл­дiң мәртебесiн арттыру, ару­ларымыздың бойы­на ұлт­тық салт-дәстүрді сіңі­­ру және қазақтың әдет-ғұ­рып­тарын насихаттау­ды көз­­­деген. Байқауға қаты­су­шылар бар өнерлерiн барынша ашып көрсетуге ты­рысты. Жиналған қауым­ды олардың бірі өлең жолдарын мәнерлеп оқуы­мен тамсандырса, ал екін­шілері мың бұралған биі­мен таң­ғалдырып жатты. Со­ның нәтижесінде бірінші жүл­делі орынға Ж.Мусин атын­­дағы қазақ педагогика­ кол­леджiнің сту­денті Фариза Ен­шілес ие бол­ды. Одан кейін­гі орын Азаматтық қор­­ғаныс көп салалы кол­леджінің студенті Аяу­лым Камидоллина мен Көкшетау жоғары меди­циналық кол­леджінен кел­ген Диана Ал­пысбаеваға бұйыр­ды. Үшін­ші жүлделі орынды Ақан сері атындағы мәдениет кол­­леджінен келген Гүлғай­ша ­Жагслаг пен №18 «Ми­рас»­ бала­бақ­шасынан Гүл­­за­да Дал­диева алды. Қаты­су­шылар сонымен қатар «Па­расатты», «Кө­рермен көз­айымы», «Да­рынды» және «Білімді» аталымдары бо­йынша марапатталды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы