• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2018

Бір теңгелік жолақы

227 рет
көрсетілді

Бұл күнде елімізде 235 миллионнан астам або­нентке қызмет көрсе­те­тін Beeline компаниясы наурыздың алғаш­қы кү­ні­нен бастап «Алма­ты­дағы қоғамдық көлікте жолақы 1 теңге» акциясын бастаған еді. 

Алғашқы екі аптаның қорытындысы айтарлықтай нәтиже бе­ріп отыр. Аталмыш ком­панияның акциясын Ал­матыдағы қоғамдық кө­лікте 60 мыңнан астам адам пайдаланған. Жалпы ал­ғанда, есепті кезеңде SMS арқылы 370 мың тө­лем жасалған.

«Акцияның алғашқы нәтижесі біз ойлағаннан асып түсті. Клиенттер мен SMS транзакция­лар са­ны өсіп келеді. Жа­қында тәу­ліктік рекорд – 100 мың опе­рация жасалды. Тех­ни­калық тұрғыдан біз бұл сан­ды екі есе арттыруға дайын­быз», дейді Beeline-­Қа­зақ­станның транс­­­­­­­­формация және стра­­­те­­­­гия жөніндегі бас директо­ры Олег Ал­дошин.

«Алматыдағы қоғам­дық көлікте жолақы 1 тең­ге» акциясы 1 наурызда басталған болатын. Бұл бастама үстіміздегі жыл­дың 31 мамырына дейін жалғасады. Қыз­метті Beeline-ның алдын-ала тө­лем жүйесіне қо­сылған клиент­тер SMS-төлем ар­қылы пайдалана алады.

Жол ақысын төлеу үшін автобустың немесе троллейбустың ішінде көрсетілген көлік кодын 2505 нөміріне жіберу керек. Телефон теңгерімінен 80 теңге ұсталады да, оның 79 теңгесі бірден теңгерімге қайтарылады. Осылайша, жолақы құны 1 теңгені құрайды. Бұл қызметті қала тұрғын­дарының барлығы пайдалана алады.

SMS-төлем мен Beeline акциясы қаладағы бар­лық бағыттағы автобус­тар мен троллейбустарда қол­данылуда.

Алайда акция Алматы қаласындағы жер үстінде жүретін қоғамдық көлік­те жүруге ғана жарайды. SMS-төлем үшін тең­герімде ең кемі 80 теңге болуы керек. Акция бо­йынша тәулігіне ең көбі 3 рет жүруге болады.

Орайы келіп тұрған­да, тұрғындарға жол­ақы­­ны төлеудің жаңа мә­­де­ниетін кіріктіруге бел шеше кіріскен байла­ныс операторының штаб-­пәтері Амстердам (Ни­дерланд) қаласында ор­наласқанын айта ке­телік. «Veon» ха­лық­­­­а­ра­­лық теле­ком­муни­ка­циялық хол­дин­гінің бір бөлігі болып та­бы­лады. Қазір «Veon» – абонент­тер саны бойынша әлемде жетінші орынды иеленеді. 2017 жыл­ғы үшінші тоқ­санның қорытындысы бойынша, компания 235 миллион­нан астам абонентке қыз­мет көрсетеді.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ