Солтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХІІ паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларды аймақ басшысы Құмар Ақсақалов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Жерлестеріміздің арасында Александр Герлиц ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол 20 шақырымдық шаңғы жарысында төртінші, эстафетада алтыншы орынды иеленді. Қайрат Қанафин мен Сергей Усольцев үздік жиырма спортшының қатарына еніп, көрсеткіштерін біршама жаңартты.
«Солтүстікқазақстандық мүгедек спортшылар түрлі халықаралық жарыстарда ел намысын жоғары ұстап, лайықты қорғап келеді. Біз оларды әркез мақтан тұтамыз», деді Құмар Іргебайұлы.
Александр Герлицке құрмет грамота мен бір миллион теңге, өзге спортшыларға жарты миллион теңге сыйақы табыс етілді. Бапкерлер де ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»