• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2018

Алматыда халықаралық джаз фестивалі басталады

393 рет
көрсетілді

Санаулы күндерден кейін Алматыда халықаралық джаз фестивалі басталады. Оқырман есінде болса, мұндай ауқымды джаз мерекесі алғаш рет 2002 жылдың көктемінде өткен.

Осынау айтулы оқиғаға орай бүгін Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында фестивальдің ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерімен кездесті. Ал джаз думаны 29 наурызда Алматыдағы Қазақ мемлекеттік Филармониясында салтанатты түрде ашылады.

Ендігі жерде жыл сайын өтетін «XVII Халықаралық Джаз Мерекесі. Алматы. Қазақстан-2018» музыкалық фестивалінің алғашқы концертінде Израильден келген трио Йоджев Шетрит және венгриялық Барна Пели өнер көрсетеді деп күтілуде. Атақты итальяндық сырнайшы Нэлло Сальца фестивальдің екінші күнінде Hard Rock Cafe-сінде жергілікті музыканттар – Дмитрий Савостьянов басқаратын триомен бірге өнер көрсетеді. Ал қазақстандық өнер ұжымдары – Almaty Jazz Youth Band оркестрі,  Nasiafrom Asia мен Атман топтары үшінші күні сахнаға шығады. Бұлардың қататында австриялық Sinfonia de Carnaval дуэті де бар.

Джаз мерекесінде екінші рет испандық музыканттар – Альберто Райя (Caminos Flamencos) қатысады. Сонымен қатар фестивальде Германиядан келген FAVO тобы мен Франциядан келген Quintette Swing de Paris (Франция) квинтет өнер көрсетеді.

Концерттер 29 наурыздан бастап, 31 наурыз және 1 сәуір күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының залында өтеді. Билеттерді сату www.ticketon.kz порталында арқылы жүргізілмек.

30 наурызда итальяндық сырнайшы Нэлло Сальца Hard Rock Cafe-де (кіру тегін, тел: 8 727 313 13 11) қазақстандық музыканттармен бірге концер береді. Сол күні аталмыш клубта шымкенттік «Солнечный город» немесе «В Джазе только дедушки» тобы өнер көрсетеді. Фестиваль аясында танымал музыканттардың дәстүрлі шеберлік дәрістері өтеді.

Халықаралық фестивальдің өз деңгейінде өтуіне биылАлматы қаласы әкімдігінен бастап «Француз Альянсы» мен «Гёте Институты» және Қазақстандағы қатысушы елдердің дипломатиялық миссиялары қатар қолдау көрсетуде. Музыка мерекесіне UNESCO және Франция, Германия, Испания, Италия, Австрия және Венгрия елдерінің Сыртқы істер министрліктері серіктес болады.

Өз кезегінде Алматы джаз мерекесіне Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры, АSPANDAU ғылыми-білім беру қоры, FIDELITY денсаулық клубы, MOLGROUP, Kelet, CIS integrated services, Arba Wine, «Казахстан» қонақ үйі, Devikа, fashion studio Pentatonica, Hard Rock Cafe, Mad Murphy's, Dublin, Pomodoro демеушілік танытады.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ