• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2018

Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында мәслихат депутаты сайланды

203 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкин мәлім етті.

Сайлау нәтижесінде Жәнібек аудандық мәслихатына (№10 Борсы сайлау округі) Қуаналиев Біржан Қайырғалиұлы, Зеленов аудандық мәслихатына (№11 Макаров сайлау округі) Төлепқалиев Тілекбай Қажымұратұлы, Казталов аудандық мәслихатына (№13 Қарасу сайлау округі) Бекмолдин Ерболат Мұратқалиұлы, Шыңғырлау аудандық мәслихатына (№6 Қызылкөл сайлау округі) Қамзаева Ақмарал Сиражқызы депутат болып танылды. Жалпы сайлау барысында үміткерлер саны 12 болған, олардың 4-уін саяси партиялар ұсынса, 8-і өзін-өзі ұсынғандар екен.

- Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жүргізілді, - деп атап өтті Вячеслав Иночкин.

В.Иночкиннің айтуына қарағанда дауыс беруге сайлаушылардың 90,30%-ы қатысқан. Сайланған 4 депутаттың орта жасы - 47. Сайлау комиссияларына арыз-шағым түспеген.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Орал