• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2018

Бес бастама қазақстан­дық­­тардың болашаққа деген үміт­терін арттырады - Гүлдана Есмурзина

244 рет
көрсетілді

Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан экономикасын ілгерілету үшін батыл қадам жасалды – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік баста­масы» атты халыққа Үндеуі хал­қы­мыздың болашаққа деген се­німін арттыра түсті. Оның әр­қайсысы бүгінгі күнгі халықтың жағдайын түзетуде өте маңызды.

Бірінші бастама – әр отба­сы­ның баспанаға қолжетім­ділігін қамтамасыз ету. Атап көрсеткенде «7 – 20 – 25» бағ­дарламасы бұл сіздің өміріңізді жеңілдететін сиқырлы сандар. Нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін банктер үй алуға несиені 18-30 пайызбен, алдын ала 50 пайызын төлетіп, 20 жылға дейін беретін болса, енді Елбасы несие пайызын 7 пайызға дейін, алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, несиені өтеу мерзімін 25 жылға дейін ұзартатынын айт­ты. Үйсіз-күйсіз жүрген біраз адам үйлі болатынына сенім бар. Осыған өз басым өте қуа­ныштымын.

Екінші бастама – төмен жалақы алатын жұ­мыс­шылардың салық жүкте­месін он есеге азайтып, 1 пайыз­ға түсіру. Бұл бастама 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап іске асады. Аз ғана жалақы­мен отбасын асырап жүрген адам­дардың жағдайы аздап болсын түзелмек.

Үшінші бастама – жоғары білімге қолжетімділікті артты­ру және оның сапасын көте­ру. 2018-2019 жылдары әр жыл­ға қосымша 20 мың грант бөлі­нетінін айтты. Жылда жаз­да басталатын «гранттың жы­ры» бәсеңситін болды. Кол­ледждер мен университеттерге 2022 жылға дейін кемінде 75 мың орындық жатақхана салу жүктелді. Бұл жастардың алаңсыз білім алуына зор көмек.

Төртінші бастама – шағын жә­не орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қол­дау көрсету үшін жеңіл­де­тілген шағын несие көлемін арттыру.

Бұл әлеуметтік бас­тама шынында да өз ісін ашамын, кәсіп жасаймын дегендер үшін үлкен мүмкіндік. Яғ­ни, мыңдаған адам жеке ісін дөңгелете алады. Әсіресе ауыл-аймақтарға, ауылдағы кәсіп­керлікке өте қажет. 2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қосым­ша 20 миллиард теңге бөлінеді.

Бесінші бастама – Қазақ­станның орталық және солтүстік аймақтарына газ тарту халықтың тұрмыс жағдайын жақ­сарту, экологияны сақтау, халық денсаулығын сақтау мен қорғаудың бір жолы деп білемін. Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында өткенді са­ралап, болашаққа бағдар жа­сай отырып, Үкімет алдына жаңа міндеттер жүктейтін Е­л­ба­сы­мыз Н.Ә.Назарбаевтың бас­та­ма­лары бұдан да биік, бұдан да асқаралы мұраттар­ға жете­лейтіндігіне, қазақстан­дық­­тардың болашаққа деген үміт­терін арттыра түсетіндігіне сенім мол. 

Гүлдана ЕСМУРЗИНА,  Көкшетау қаласы тілдерді оқыту орталығының директоры

Ақмола облысы