Корея Халық Демократиялық республикасы мен Қытай елінің көшбасшылары Пекин қаласында келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды РИА новости.
Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қайта сайлануымен арнайы құттықтауды Ким Чен Ын өзінің міндеті екенін айтты.
Сондай-ақ, Ким Чен Ын өз сөзінде Си Цзиньпиннің Қытай Коммунистік партиясының және күллі қытай халқының қолдауын алып, білікті басшы ретінде Қытай Халық республикасының және Орталық әскери кеңестің төрағасы лауазымына сайланғанын атады. Ким Чен Ынның арнай келіп құттықтауы екі ел арасындағы достық нышандағы дәстүр екен.
Өз кезегінде солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея арасындағы кикілжіңді жойып, қарым-қатынасты серіктестікке ұластырып, екі ел арасында саммит өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Корея Халық Демократиялық республикасы АҚШ-пен келіссөз жүргізіп, аталған саммитті өткізуге дайын», деді Ким Чен Ын.
Сонымен қатар, Қытай елінің көшбасшысы соңғы жылы Корея жарты аралында көңіл қуантарлық өзгерістерді байқағанын және КХДР ұсынған маңызды шешімдерді Қытай елі бағалайтынын айтты.
«Біз екеуміз де, төраға мырза және мен, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына ат салысып, оның куәгері болдық. Екі тарап та бұл достықтың тұрақты болып әрі қарай ілгері даму керектігін ұдайы айтып келеміз»,- деді Си Цзиньпин.
КХДР басшысы 25-28 наурыз аралығында Қытай еліне бейресми сапар жасаған. Осыған дейін бұл жаңалық құпия сақталып келген. Сапарға Ким Чен Ынмен бірге оның әйелі Ли Соль Чжу да келді.