• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2018

Нұрлан Смағұлов сауда ойын-сауық орталықтарын ТЖД-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды

356 рет
көрсетілді

Бұл апта іргеміздегі ежелгі көршіміз Ресей үшін оңай басталған жоқ. Кемероводағы қайғылы оқиға талай отбасына қасірет шектіріп қана қоймай, қауіпсіздік мәселесінде ойланатын тұстар өте көп екендігін көрсетіп берді.

Осы жағдайдың легімен кеше отандық танымал іскер азамат Нұрлан Смағұлов сауда ойын-сауық оталықтарының иелерін Астана және Алматы Төтенше жағдайлар департаменттерімен меморандумға қол қоюға шақырды.

Және осы бастамаға орай, MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу іс-шаралары мен өрт қауіпсіздігі бойынша брифинг өтті.

Оқу-жаттығу шараларының сценарийі төмендегідей болды: шартты түрде кинотеатр аумағынан «өрт» шықты. Өрт қауіпсіздік дабыл қаққыштары, сонымен қатар эвакуацияны басқару мен хабарландыру жүйелері іске қосылады. Келушілерге сауда ойын-сауық орталығы ғимаратынан 46 шығу есігі арқылы сыртқа шығуға арнайы нұсқаудан өткен әкімшілік қызметкерлері, күзетшілер мен жалға алушылар жанұшыра көмектесті.

Оған қоса MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қызметінің күшімен шартты түрдегі өрт көзін жою жұмыстары жедел жүріп жатты. Шынайы өрт көзі тіркелгендей, өрт ауданы қандай екеніне қарамастан, 20-дан астам қалалық өрт сөндіру көлік қызметі, оның ішінде 4 автобаспалдақ бір мезетте жетіп келді.

Осы арада MEGA сауда желілері – 3 сауда ойын-сауық орталығынан, яғни Алматыда MEGA Alma-Ata және MEGA Park, сондай-ақ Астанадағы MEGA Silk Way-ден тұрады. Барлық сауда ойын-сауық орталығының ғимараттары ҚР құрылыс талаптары мен ережелеріне, сонымен қатар №439 "Өрт қауіпсіздігіне байланысты жалпы талаптарға» сәйкес жобаланған, әрі солай салынған.

«Біз сауда ойын-сауық орталықтарын жылына бір рет тексеру жеткіліксіз деп есептейміз. Сондықтан, Алматы және Астана қалаларының Төтенше жағдайлар департаментімен біздің сауда ойын-сауық орталықтарын жоспардан тыс реттік тексеру шаралары жөнінде меморандумға қол қойғымыз келеді. Кез келген уақытта келіп, тексере берсін. Оған қоса мен барлық сауда орталық иелерін, Алматы мен Астана қалалары мен облыс орталығы менеджерлерін жоғарыдағы меморандумға қосылуға шақырамын. Халықтың бізге деген сенімі артып, ТЖ департаменті заңды түрдегі шектеуге қарамастан әрқашан келіп, қалаған уақытында тексеру шараларын ұйымдастыра берсін. Ерікті түрде осы меморандумға қоя отырып, өзге де сауда ойын-сауық орталықтарын бізге қосылуға шақырамыз», – деді ASTANA GROUP компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов.

Өз кезегінде MEGA – өртке қарсы өзінің жеке бөлімі және төрт өрт сөндіру машинасы бар Қазақстан аумағындағы жалғыз сауда ойын-сауық орталығы екені мәлім болды. MEGA желісінде өрт қауіпсіздік бойынша 70 қызметкер жұмыс істейді. Олар 4 ауысым сайын кезекшілікке түсіп отырады. Сауда ойын-сауық орталық аумағында өрт сөндіру үшін арнайы су қоймалар мен өрт сөндіру гидранттары бар. Мысалы, MEGA Alma-Ata резервуар көлемі 1 800 м3  құрайды. Су деңгейі күнделікті бақылауда. Ғимараттарда өртке су себетін түтік қабыр, оқпан және ұнтақты өрт сөндіргішімен жабдықталған өрт сөндіру крандары бар. Сауда ойын-сауық орталықтың әр бутигі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған.

MEGA желісінің әр сауда ойын-сауық орталығы «Шығу» және «Апаттық шығу» атты жарық таблосымен, бағытталған белгілерімен табуға болатын бірнеше негізгі шығу есігімен, қосымша шығу есіктерімен жабдықталған. Жоғары қабаттардан адамдарды эвакуациялау үшін өрт сатылары қарастырылған. Олардың көлемі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында – 46 эвакуациялық шығу есігі, MEGA Park-те – 11 эвакуациялық шығу есігі, MEGA Silk Way-де – 20 эвакуациялық шығу есігі, оған қоса ғимараттың өзге де бөліктерінде орналасқан шығу есіктері (мысалы, кинотеатр немесе супермаркет) бар. Эвакуациялық шығу есіктері «антипаника», яғни қауіпсіз эвакуацияны қамтамасыз ететін құлыптармен жабдықталған. Төтенше жағдай орын алған кезде барлық есіктер автоматты түрде ашылады.  

Сауда ойын-сауық орталығында жиі ұйымдастырылатын өртке қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары көрсетіп отырғандай, келушілерді эвакуациялау уақыты шамамен 10 минутты құрады.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ