Сахналық өнердің жауһарына баланатын балет жүрек қылын шертетін нәзік өнер. Көрермен көңілін көкжиекке көтеріп, жан сарайыңды байытатын дегдар сала елімізде қарқынды дамып келеді. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында шымылдығын түрген екінші халықаралық «Ballet Globe. Бірыңғай билеу» фестивалі осының айғағы.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Биыл фестивальге Франция, Англия, Швейцария, Ресейдің ең үздік әртістері арнайы келді. Этуальдер, прималар, жетекші солистер, сонымен бірге әлемге әйгілі Женева мен Борда театрларының жетекшілері де фестивальге орай Алматы төрінен табылды. Әдемі би мен әсем әуен салтанат құратын айтулы шара бастапқыда әлемдік би мектептері арасындағы тәжірибе алмасу алаңы ретінде ойластырылған болатын. Былтыр өткен алғашқы фестиваль алматылықтарды классикалық қойылымдарымен қуантқаны көрермен көңілінен өше қоймаған болар. Ал биылғы шараның бәсі де биік, ауқымы да кең. Өнерсүйер қауым үшін заманауи хореография, contemprorary-балеттің ең үздік үлгілерін театр сахнасынан тамашалауға мүмкіндік туып отыр. Ауқымы кең өнер думанын ArtClassic компаниясы Алматы қаласындағы Франция Бас Консулдығымен және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырған. Сондай-ақ өнер жәрмеңкесі он тоғызыншы ғасырдағы тұтас балет өнері оның атымен аталған әйгілі Мариус Петиптің туғанына 200-жыл толуына арналып отыр.
«200 жыл бұрын наурыз айында аты аңызға айналған қоюшы-хореограф Мариус Петип дүниеге келді. Ол орыс балетінің негізін қалаған. Мариус Петип П. Чайковскиймен бірге үздік балет спектакльдерін қойды. Бұл туындылар осы күнге дейін ғаламшарымыздың басты театрларында көрсетіліп жүр және әлемдік мұра қазынасына енді. Әлемдік мәдени қауымдастық ұлы шығармашылық иесінің 200-жылдығына арналған түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр. Ал, Қазақстан Петипке күллі балет фестивалін арнайды» дейді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.
Фестиваль бағдарламасында – Мариус Петипаның мәңгі өшпес туындылары: Париж операсының этуальдары Мириам Олд-Брам мен Матиас Эйманның қатысуымен П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару»; Ресей Үлкен театрының әртістері – примабалерина Екатерина Крысанова мен жетекші солист Игорь Цвирко, Ковент-Гарден Корольдік театрынан шақырылған прима-балерина Яна Саленконың қатысуымен Л. Минкустың «Баядерка» балеттері бар.
Дәстүр бойынша фестиваль аясында LEVITATION заманауи өнер көрмесі көрерменге ұсынылды. Себебі, өнердің қай түрі болмасын бір-бірімен үндес және олардың әрқайсысы өз тілінде тіршіліктің мәңгілік сұрақтары, жақсылық пен зұлымдық, махаббат пен өшпенділік, әлем мен адам жан дүниесінің сұлулығы жайлы сыр шертеді.
Ballet Globe фестивалі күндері Алматыда музыка, би, кербездік пен әсемдік мерекесінің айрықша атмосферасы шарықтайды. Әрбір қойылым, концерт немесе көрме асқақ өнерге деген іңкәрлігін жасырмайтын талғампаз көрерменнің қызығушылығын тудырып, шаттыққа бөлей түспек.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ