• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2018

Ә. Мухареми: Ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері

330 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының өміршең екендігін байқадым. Біз өз тарапымыздан екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастық аясында бұл ауқымды әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға жәрдем етуге дайынбыз. Атап айтқанда Хорватия алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халық үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысына қатысуға әзір.

Сондай-ақ Президенттің жоғары білім сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бастамасын жүзеге асыруда ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері бар.

Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақ­стан­дықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған ауқымды реформалар және әлеуметтік саясатты модернизациялауда дұрыс шешім қабылдай отырып, көрегенділік танытты деп есептеймін.

Әмір МУХАРЕМИ,

Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрінің орынбасары