• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Наурыз, 2018

Нұрлан Нығматулин Польша елшісін қабылдады

272 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевичті қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

      M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Кездесу барысында Н.Нығматулин Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының нығайып, оның дамуына қуатты серпін берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Президенті Анджей Дудадың өзара сапарлары екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің шеңберінде және біздің елдің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың зор мүмкіндіктерін ашуда. Сондай-ақ, Н.Нығматулин Орталық Азия мен Қытай нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Астана аймақтағы Варшаваның негізгі серіктесі болып табылатынын айтты.

 Өз кезегінде Селим Хазбиевич Қазақстан мен Польша арасындағы саяси, дипломатиялық және экономикалық қатынастардың деңгейіне жоғары баға берді. Тараптар басты бағыттардың арасында көлік саласы, көмірді өңдеу мен ауаны ластамайтын «таза технологиялар» және білім беру саласына тоқталды. Кездесу барысында Н.Нығматулин мен С. Хазбиевич халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мәжіліс Төрағасы дипломатты 2018-2019 жылдарға арналған БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Польша жұмысының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Польшаның президенттері атап өткен Қауіпсіздік Кеңесінің бірлескен жұмысының аясында ынтымақтастық туралы ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Әсіресе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, халықаралық лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне назар аударды. Осыған байланысты, БҰҰ алаңында ортақ мүдделерді ілгерілетудегі ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.

Екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға Нұрлан Нығматулин мен Селим Хазбиевич ортақ мүддені ілгерілетуде парламентаралық белсенді диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы дипломатқа осы жылдағы Польша елі үшін ерекше күндер болып саналатын Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығы және Еуропадағы ескі қос палаталы парламенттің бірі – Жалпы сеймның алғашқы отырысының 550 жылдығын атап өтті.