• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2018

Ақтауда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

293 рет
көрсетілді

«Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мейлінше оңтайландырылып, адамның баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіріліп жатыр. 45 ауылдық округтың әкімдіктерінде арнайы қызмет бұрышы ашылып, онда нұсқаушы маман жұмыс істеуі тиіс». 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті осындай бастама көтеріп, бұл жұмыс жергілікті жерлерде іске асып жатыр.

Ақтау қаласы әкімдігінде өткен «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының» көшпелі отырысында осы мәселе айтылды.

Жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2018 әскери бөлімі, ішкі істер департаменті, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Департамент басшысының орынбасары Ерлеген Мендалиев 2017 жылы ведомствоаралық жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар, шағын кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын техника түрлерінің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуға рұқсаттамалар беру мәселесі де талқыға түсті. Ақтау қаласы әкімдігі бұл мәселенің қазір тыңғылықты зерделеніп жатқанын жеткізді. Отырыста Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының көрсетілетін қызмет түрлерін жетілдіру бағытындағы есебі де тыңдалды.

 Бұған қоса, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және отырысқа қатысушыларға «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларының жиынтығы» кітапшасының күнделікті жұмыстағы маңыздылығы түсіндірілді. Ведомствоаралық жұмыс тобы кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, мемлекеттік органдарға қызмет сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

 Маңғыстау облысы