• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2018

Жалайыр Шора есімі Зеренді-Көкше өңіріндегі елдің де есінде

882 рет
көрсетілді

«Себепсіз ешнәрсе бол­май­­ды» дегендей, кейде ерік­­сіз қолға қалам алатын жай­лар болады. Осыдан бес жыл бұрын Зерендіге таяу Айдарлы ауылы ақсақал­да­рының тілегі бойынша аудан, облыс ономастика комиссияларына елді ме­ке­ннің жанынан жанай аға­тын Шағалалы өзенінің бір сала­сының тарихи атауы – «Шо­раны» өзіне қайтару мәсе­ле­сін көтергенде неше түрлі құжаттар жинау керектігін алға тартып, сұрағымыз аяқасты қалған-тын.

Осы мәселені аяқ­сыз қалдырмау үшін Елбасы­мыз­дың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сы шыққаннан кейін қай­та­дан қолға алуымызға тура келді.1950 жылдарға дейін өзен атауы «Шора» деп ата­лып келіп, 1955 жылдан бы­лай облыстар алғаш өз кар­таларын шығара бас­та­ғанда бұл өзеннің атауы да «Черемушка», одан соң «Қош­қарбайка» болып кете барды.

Қысқаша өзеннің «Шо­ра» аталу себебіне тоқ­­­тала кет­сек, сол маңды ежел­­­­ден мекен еткен қарау­ыл руы­ның жаулыбай тар­ма­­ғ­ы­нан Дүйсен деген шебер құс­бегі ұлы жүздің даң­қ­ты құсбегісі, саятшы жалайыр Шорамен дос болып, Ала­тау-Тарбағатай жерінен бала­пан бүркіт әкеліп, орасан алғыр, ерекше тұрпатты қас­қыр, түлкілерді баудай қыр­­ған қыран ұстайды. Дүй­­сен сол қыранды өзіне ба­ла­пандай сыйлаған Шо­раға көрсетпек ниетте оны қо­наққа Көкшеге шақы­ра­ды. Бұл оқиғаға дейін көп жыл­­дар бұрын сол Шо­ра­ның әулеттерінен бір ша­ғын ауыл жалайырлар жау­гер­шілік заманда Дүй­сен­нің елі­не ауып келіп, сіңі­сіп кеткен. Дүйсеннің шақыруын құп алған Шора бір күндері қолында ақ тұйғыны бар, бір топ жолдастарымен ке­леді. Жайлауда ақ үй ті­гіп, Дүйсен қарсы алады. Көкше елінің бүркітшілері бүркіттерін сынатады. Бүкіл ел болып Шораның ақ тұй­ғы­нын тамашалап, Шора ағайындарында қонақтап, екі айдай сол өзен бойын думандатады. Содан халық осы өзенді «Шора» атап кеткен. Елдің, халқымыздың дос­тық, бірлігі солайша қа­лып­тасқан ғой.  Облыстық ономастика комиссиясына тапсырылған өтінішке Зеренді ауданы әкімдігінің ризашылығы, Айдарлы ауылы тұрғындары жиналысының хаттамасы, облыстық табиғат қор­ғау, су шаруашылығы д­е­па­­р­та­менттерінің құп­­тау құ­жат­та­ры, ауыл ша­руа­шылығы ми­­нис­трлігінің хат­тары тап­сырылған. Үш айдан бе­­рі облыстық ономастика ко­­м­иссиясы түрлі карталар­дан «Шора» деген сөзді із­деуде. Архивтерде 1950 жыл­дарға дейінгі керекті құ­­жаттар сақталмаған. Тым әрі­­дегі карталарда ондай ша­ғын өзенді қойып, кей­бір үлкен елді мекендер мен көлдердің де атаулары жоқ екенін көріп отырмыз. Жу­ықта сол елдің ең жасы үл­кені, Көкшетауда тұ­ра­тын 94 жастағы Есқожа Ит­жанов ақсақалға сәлем бе­ріп сұрағанымызда: «Е-е, қа­рақтарым-ай, өзеннің ат­ы ежелден Шора еді, адам адам­ға, адамның сөзіне сену деген қасиеттен айрылдық қой» деп басын шайқады. Біздің осы сияқты сансы­рат­қан сұрағымызға дұрыс жауап беріп, түйткілді ше­ше­­тін, сөйтіп ауыл жаны­нан ағатын өзенге өзінің та­рихи Шора деген атауын қай­таруға септігін тигізетін па­расат иесі табылса игі...

 Айдос ӘБУТӘЛІҰЛЫ,  еңбек ардагері   Ақмола облысы, Зеренді ауданы